Атыраудағы сауда үйлерінің бірінде әйелдер әжетханасына кірген 21 жастағы жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған.
Оқиға 24 қазанда болған. Бейнежазбада әйел адамның жігіттен не себепті әйелдер әжетханасына кіргенін сұрап, түсініктеме талап етіп жатқанын көруге болады.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жігіттің әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу және айналасындағыларға құрметсіздік таныту ретінде бағаланған.
Осы дерек бойынша оған ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қозғалды. Сотқа дейін ол әкімшілік қамаққа алынған адамдарға арналған арнайы бөлмеге орналастырылған.
Сот шешімімен жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.