Мазмұнға өту
qandastar.

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Малика Хамит · · 1 016 қаралым
Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды
делінген хабарламада.

Айта кетері, 60 жастағы Мұрат Ергешбаев Қызылорда қаласында туған.

2008-2010 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болған.

Әр жылдары өңірдің Қармақшы, Шиелі, Қазалы және Сырдария аудандарын басқарған.

Қоғам қайреткері 2023 жылғы наурызда Amanat партиясына кіріп, Мәжіліске өткен. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Естеріңізге сала кетейік, Ергешбаев жаңа қызметте Нұрлыбек Нәлібаевтың орнына келді.

Қызылорда облысын төрт жыл басқарған Нәлібаев екі күн бұрын вице-премьер қызметіне тағайындалған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp