Мазмұнға өту
qandastar.

Мьянмада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 065 адамға жетті

bahitzhanabzal · · 198 қаралым
Мьянмада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 065 адамға жетті

Фото:The Myanmar Military True News Information Team/AP/dpa/picture alliance

Мьянмадағы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2 065 адамға жетті, – деп хабарлайды qandastar.kz

24kz-ке сілтеме жасап.

Жараланғандардың саны 4 мыңға жуық. Тағы 270 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Елдегі әскери үкімет бір апта қаралы күн жариялады.

Таиланд астанасындағы құрбандар саны – 19. Жоғалғандар тізімінде 78 адам бар. 2 елде де іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Мьянма мен Таиланд Үнді тақтасының үстінде орналасқан, ал бұл плита 100 миллион жыл бойы солтүстікке қарай жылжып келеді
деп түсіндіреді мамандар жер сілкінісін.
Бөлісу: Telegram WhatsApp