Фото: polisia.kz
Алматы облысында ер адам кәмелеттік жасқа толмағандарды саудаға салған, деп хабарлайды
.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмағандардың заңсыз саудасына күдікті қылмыстық топтың қызметін тоқтатқан.
25 тамызда әлеуметтік желідегі «surak.baribar» парақшасында кәмелеттік жасқа толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесуге уәде берген қылмыстық топтың қызметі туралы жедел ақпарат түсті. 28 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда облысының тумасы, 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Күдікті қамауға алынды. Қазір барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.