Мазмұнға өту
qandastar.

Нариман Құрбанов Ақордаға барған жоқ. Себебі анықталды

bahitzhanabzal · · 347 қаралым
Нариман Құрбанов Ақордаға барған жоқ. Себебі анықталды

Фото: ҚР ҰОК

Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбановтың президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойындардың жүлдегерлерін қабылдау рәсімінде неге болмағаны белгілі болды, деп хабарлайды

ақпарат агенттігі.

Оның іс-шараға келмеуінің себебін президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бүгін Ақордада Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін қабылдады. Бірақ салтанатты рәсімге спорттық гимнаст Нариман Құрбанов келе алмаған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада ХХХІІІ Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне мемлекеттік марапаттарды табыстады. Өкінішке қарай, Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов салтанатты рәсімге ауырып қалып қатыса алмады. Біз оған тезірек сауығып кетуін тілейміз
деді Берік Уәли.
Бөлісу: Telegram WhatsApp