Мазмұнға өту
qandastar.

NASA Айда тұрақты база салу жобасын бастайды

Бақытжан Мұса · · 66 қаралым
NASA Айда тұрақты база салу жобасын бастайды

Американың ғарыш агенттігі NASA Айда тұрақты база құруға бағытталған жаңа Moon Base бағдарламасын іске қосатынын жариялады. Бұл жоба бұған дейін тоқтатылған Gateway станциясының баламасы ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлады Qandastar.kz сайты Skyandtelescope.org порталына сілтеме жасап.

Бағдарлама аясында Айды кезең-кезеңімен игеру жоспарланған. 2026 жылы NASA алғашқы миссияларын жүзеге асырып, қону технологияларын сынақтан өткізеді және болашақ инфрақұрылымның негізін қалайды. Ұзақ мерзімді мақсат – Айда адамдардың тұрақты өмір сүруіне мүмкіндік жасау.

Жобаның бастапқы кезеңінде ай роверлері, қону аппараттары мен зерттеу дрондарын әзірлеуге 700 миллион доллардан астам қаржы бөлінеді. Ал бағдарламаның жалпы құны 20 миллиард доллардан асып кетуі мүмкін.

Moon Base жобасына Blue Origin, Astrolab, Lunar Outpost және Firefly Aerospace компаниялары қатысады. Firefly Aerospace компаниясы Artemis бағдарламасы аясында астронавттар қонар алдында Ай бетінің егжей-тегжейлі картасын жасау үшін арнайы дрондар жеткізбек.

Болашақ база Айдың оңтүстік полюсі маңында орналасуы ықтимал. Ғалымдардың айтуынша, бұл өңірде су мұзының қоры болуы мүмкін. Сарапшылар жобаны жүзеге асыру күрделі техникалық міндеттермен байланысты екенін және оның АҚШ пен Қытай арасындағы ғарыш саласындағы бәсекені күшейтуі мүмкін екенін атап өтуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp