Фото: ашық дереккөз
Шымкентте
«
Алтын
»
және
«
Күміс
»
алқа иегерлері, "Батыр ана
»
атағын алған, І және ІІ дәрежелі
«
Ана даңқы
»
ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады, деп хабарлады qandastar.kz
Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады
Әкімдіктің дерегінше, Шымкент қаласында 2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша, көпбалалы аналар саны – 67 741, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 13 805. Көпбалалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны – 53 936.