Ulysmedia коллажы
Мемлекет қайраткері, қоғам белсендісі әрі Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин кезінде Назарбаев оның Балқашта электр станциясын салу туралы жобасын керек қылмағанын айтты, деп хабарлайды
-ке берген сұхбатында Қажыгелдин бірнеше депутат және жүрегінің түгі бар министрдің басын қосып, зум арқылы әлеуметтік мәселелерді талқылауды ұсынды.
Біз мынадай бір әрекет жасасақ: сіз осы студия арқылы, зум арқылы 5-6 депутат, бүгінгі мәжілістің депутаттары, жүрегі бар министр болса, сарапшылар бар, бәріміз басымызды қосып, талқылайық. Әлеуметтік жағдай шынында қандай, қолымыздан не келеді, сол зумда 5 пункттен тұратын бағдарлама берейін, деді ол.
Сондай-ақ Қажыгелдин өзекті мәселені талқылап, оны шешу жолдарын не үшін зум арқылы талқылау керек екенін де нақтылай түсті.
Ақылымызды жеке айтатын болсақ оны не басқаша қолданады немесе үстелдің астына тығып тастайды, қолданбайды. Мен сізге айтайын 2009 жылы мен бұрынғы президент Назарбаевтың қолына ұстатып бір проект жібердім. Балқашта 1 млрд кв өндіретін үлкен электростанция салу туралы. Оның бағасы 1 млрд 100 млн еуро еді. «Керегі жоқ» деді
Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні Әкежан Қажыгелдин Ulysmediaға кең көлемді сұхбат беріп, оқырманға Қазақстанның келешегі, Тоқаевтың билігі, Назарбаев пен Қашаған дауы жайлы