Мазмұнға өту
qandastar.

Назарбаев университетінің жатақханасынан студент қыздың мәйіті табылды

bahitzhanabzal · · 1 880 қаралым
Назарбаев университетінің жатақханасынан студент қыздың мәйіті табылды

18 маусымда әлеуметтік желіде Назарбаев университетінің жатақханасынан студент қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Аталған ақпаратты Астана қалалық Полиция департаменті растады.

«24 жастағы қыздың мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

 

Қыздың өліміне нақты не себеп болғаны белгісіз. Қазір тексеру жүріп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp