Әлеуметтік желіде немересін сабаққа мейіріммен оятып жатқан әженің видеосы таралып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Бейнежазбада әженің бөлмеге кіріп, төсекте жатқан немересінің басынан сипап, жылы сөздермен оятып жатқаны көрінеді. Әженің шынайы мейірімі мен қамқорлығы көрермендердің жүрегін елжіретті.
Желі қолданушылары бұл көріністі бұрынғы қазақ фильмдеріндегі мейірімді әжелердің бейнесіне ұқсатып, өздерінің балалық шақтарын еске алғандарын жазған. Көпшілік видеодан әже мейірімін, отбасылық жылулық пен сағынышқа толы сәттерді көрген.