Мазмұнға өту
qandastar.

"Неткен жақсы адам": Тұрсын Алагөзов қызметкерлерінің ата-анасына қосымша зейнетақы төлемек

Малика Хамит · · 5 369 қаралым
"Неткен жақсы адам": Тұрсын Алагөзов қызметкерлерінің ата-анасына қосымша зейнетақы төлемек

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов тағы да жақсы ісімен елді елең еткізді, деп хабарлайды

порталы.

Кәсіпкер жаңа жылдық корпоративтік кеште барлық қызметкерлердің 65 жастан асқан ата-аналарына зейнетақы төлемдерін жариялады.

Бұл туралы оның компаниясының әлеуметтік желісінде жазылды.

GALANZ bottlers жаңа жылдық корпоративтік кешінде Тұрсынғали Алагөзов 2025 жылды қорытындылап, әріптестерін келе жатқан мерекелерімен құттықтап, барлық қызметкерлердің 65 жастан асқан ата-аналарына зейнетақы төлемдерін жариялады. Әрбір ата-ана компаниядан ай сайын 50 000 теңге алатынын мәлімдеді
делінген жарияланымда.

Желі қолданушылары ізгі тілектерін жазып жатыр.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp