Мазмұнға өту
qandastar.

Нидерланд Швецияны ойсырата жеңіп, топ көшбасына шықты

Бақытжан Мұса 105 қаралым
Нидерланд Швецияны ойсырата жеңіп, топ көшбасына шықты

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Нидерланд құрамасы Швецияны ірі есеппен жеңіп, топ көшбасына шықты, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

F тобындағы екінші тур кездесуі АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «Эн-Эр-Джи Стэдиум» аренасында өтіп, нидерландтықтардың 5:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Нидерланд құрамасының шабуылшылары Брайан Бробби мен Коди Гакпо дубль авторы атанды. Бробби 5 және 17-минуттарда мергендік танытса, Гакпо 47 және 54-минуттарда қарсылас қақпасын дәл көздеді. Кездесудегі бесінші голды Крисенсио Саммервилл 89-минутта соқты.

Швеция сапынан жалғыз голды Энтони Эланга 59-минутта енгізді.

Бұл жеңістің арқасында Нидерланд құрамасы төрт ұпай жинап, F тобында бірінші орынға көтерілді. Ал үш ұпайы бар Швеция екінші сатыда қалды.

Топтағы қалған құрамалар – Жапония мен Тунис. Қазіргі таңда Жапонияның еншісінде бір ұпай болса, Тунис әлі ұпай ала алған жоқ.

Еске салсақ, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне әр топтан үздік екі команда тікелей жолдама алады. Сонымен қатар топтарда үшінші орын алған құрамалардың арасынан ең жақсы нәтиже көрсеткен сегіз команда да 1/16 финалға шығады.

[embed]https://youtu.be/Or_0RyzEE0c?si=SY7ppQ_nwxyBW6Ib[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp