Мазмұнға өту
qandastar.

Нұрай Серікбай ісі: сотта айыпталушының алғашқы жауабы жарияланды

Бақытжан Мұса · · 17 қаралым
Нұрай Серікбай ісі: сотта айыпталушының алғашқы жауабы жарияланды

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында айыпталушы Шерхан Аймаханның тергеу барысында берген алғашқы жауабының бейнежазбасы көрсетілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайтыхабарлады.

Бейнежазбада айыпталушы Нұрай Серікбайға пышақ сұққанын мойындап, алғашқы жауабында оған бірнеше мәрте жарақат салған болуы мүмкін екенін айтқан. Оның сөзінше, оқиға алдын ала жоспарланбаған және мұндай әрекетке не себеп болғанын өзі де түсіндіре алмаған.

Шерхан Аймахан Нұраймен жұмысқа қатысты сөйлескендерін, кейін араларындағы әңгіме барысында жағдайдың күрт өзгергенін жеткізген. Ол пышақты әдейі қолданбағанын айтып, бәрі бір сәтте болғанын мәлімдеген.

[playlist type="video" ids="57953"]

Сондай-ақ айыпталушы жарақаттан кейін жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсетпегенін де мойындады. Оның айтуынша, не істерін білмей абдырап қалып, оқиға орнынан кетіп қалған. Сонымен қатар Нұрайға нақты қанша рет пышақ сұққанын есіне түсіре алмайтынын жеткізген.

Еске салсақ, Нұрай Серікбай 2025 жылғы қазанда пышақ жарақатынан қаза тапқан болатын. Тергеу барысында күдіктіге адам өлтіру және сталкинг баптары бойынша айып тағылған. Кейін сот-психиатриялық сараптама оның есі дұрыс екенін анықтап, заң алдында жауап беруге қабілетті деген қорытынды шығарды.

Таныстырылым:

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта айыпталушы Шерхан Аймаханның алғашқы тергеу кезінде берген жауабы көрсетілді. Онда ол Нұрайға бірнеше рет пышақ сұққанын мойындап, оқиғаға нақты себеп айта алмайтынын және жәбірленушіге көмек көрсетпей оқиға орнынан кеткенін мәлімдеген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp