Фото: instagram / koyanbayevnurlan
Түркістан облысының әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, әзілкеш Нұрлан Қоянбаев жол бойындағы сатушы келіншекті қуанышқа бөледі, деп хабарлайды
.
Әзілкештің Instagram-парақшасында жарияланған видеода актердің өзінің «бұрынғы танысымен» кездесуін көруге болады.
Естеріңізде болса, желіде Қоянбаевқа тегін қарбыз берген әйелдің видеосы кеңінен тарап кеткен. Өз кезегінде актер де сатушыға алғысын білдіргісі келген: ол бірден екі тонна қарбыз сатып алған.
Саудаңыз жүрсін. Сізге қолдау білдіргім келіп тұр. Айтыңызшы, мына сатып тұрған қарбаздарыңыздың барлығы қанша тұрады?
Толқып кеттім ғой, мұндай ақша алып көрмегенмін ғой
Әзілкеш осы ретте қарбызды сатып алуды челленджге айналдырған, сатушылармен әңгіме барысында ол биыл сауданың нашар екенін білген.