Мазмұнға өту
qandastar.

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылды

Малика Хамит
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылды

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Еске салсақ, Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымына 2025 жылдың 30 маусымында тағайындалған еді. Кейіннен 2026 жылдың қыркүйегінде жаңадан жасақталған Үкіметте Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі қызметін сақтап қалды.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 1991 жылы жекеменшік коммерциялық компанияның басшысы ретінде бастап, бұл қызметте 1997 жылға дейін жұмыс істеген.

1997–1998 жылдары – Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.

1998–2000 жылдары – "Қазақстан темір жолы" РМК департаментінің директоры.

2000–2002 жылдары – "Қазахойл" ЖАҚ құрамындағы "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ-ның қайта жаңғырту жобасын басқару тобының басшысы, бірінші вице-президенті және бас менеджері.

2002–2004 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЗАҚ инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры.

2004–2007 жылдары – "ТеңізСервис" ЖШС-нің бас директоры.

2007–2010 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарушы директоры.

2010–2011 жылдары – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасарының кеңесшісі, басқарушы директоры.

2011–2014 жылдары – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметін атқарған.

Кейін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінде болды.

2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетін басқарды.

2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды.

2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.

2021 жылдың 8 қаңтарынан бастап 2025 жылға дейін “Қазақстан темір жолын” басқарды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp