Мазмұнға өту
qandastar.

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Малика Хамит · · 763 қаралым
Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды
делінген хабарламада.

Айта кетері, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын Роман Скляр атқарды.

Ол күні кеше Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.

Ал Нұрлыбек Нәлібаев 2022 жылғы сәуірден бүгінге дейін Қызылорда облысын басқарды.

Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында "Казахойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

2022 жылғы 7 сәуірде Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.

"Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталған. Қазақстанның құрметті құрылысшысы.

 

 

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp