Мазмұнға өту
qandastar.

Нұрқожа Қайпанов әлем чемпионатының финалында күреседі

Бақытжан Мұса
olympic.kz
olympic.kz

Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов 1 қарашада Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі үшін белдеседі. Оның финалдағы қарсыласы ресейлік Иналбек Шериев болады. Qandastar.kz сайты хабарлады.

Финалдық кездесу 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді. Белдесу Қазақстан уақытымен сағат 18:59-ға жоспарланған. Кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді болады.

Нұрқожа Қайпанов финалға қалай шықты?

Қазақстандық балуан финалға дейін төрт қарсыласын жеңді. Ол Косово өкілі Эгзон Джониді 10:0, Әзербайжан балуаны Туран Байрамовты 4:0, Тәжікстан спортшысы Виктор Рассадинді 11:0 және жапониялық Ёсиносуке Аоягиді 3:1 есебімен ұтты.

Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ оның қоржынында 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2025 жылғы қола медальдары бар. Бұдан бөлек, ол 2019, 2021 және 2025 жылдары Азия чемпионы болған.

Астанадағы әлем чемпионаты

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Астанада 24 қазанда басталып, 1 қарашада аяқталады. Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде грек-рим күресінен үш және әйелдер күресінен бір қола медаль бар.

Бұған дейін еркін күрестен Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан жарыстың алғашқы кезеңінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевқа жол берген еді. Кейін ресейлік балуан да алтын жүлдеден қағылып, америкалық Кайл Снайдерден жеңілді.

Сонымен қатар әлем чемпионатынан кейін Ризабек Айтмұханның тізе буынына ота жасалғаны белгілі болды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp