Мазмұнға өту
qandastar.

Ойыншық тапанша көрсетіп, жұртты дүрліктірген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 185 қаралым
Ойыншық тапанша көрсетіп, жұртты дүрліктірген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Алматы тұрғыны желіде жазба жариялап, белгісіз біреудің жолды бөгеп, «автомат» кезегенін айтқан болатын.

Жазбаға назар аударған полиция ер адамды көп күттірмей анықтап, ұстап, басқармаға жеткізді, деп хабарлайды

порталы.

Тексеру кезінде видеодағы «қарудың» шын мәнінде ойыншық тапанша екені белгілі болды. Яғни, зат атыс қаруына жатпайды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Дәйексөз

Соған қарамастан, ер адам жауапкершіліктен құтылған жоқ. Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Бұдан бөлек, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін де әкімшілік іс рәсімделген.

Полиция қоғамдық орында қаруға ұқсайтын ойыншықтың өзін көрсету адамдар арасында дүрбелең туғызуы мүмкін екенін ескертті. Мұндай жағдайларда полицияға жедел әрекет етуге тура келеді.

Қысқасы, ойыншық болса да, қаруға ұқсаса - көшеде көрсетіп жүрудің салдары болуы мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp