Мазмұнға өту
qandastar.

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге маңызды ескерту жасады

bahitzhanabzal · · 108 қаралым
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге маңызды ескерту жасады

Оқу-ағарту министрлігі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «Педстарт» атты олимпиадасының ақылы негізде өткізілетіні жөнінде ақпаратқа ресми түсінік берді, деп хабарлады Qandastar.kz.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Педстарт» олимпиадасын ұйымдастыруға және өткізуге ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз. Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ал Министрліктің фирмалық бланкін заңсыз пайдаланып, жалған хабарлама таратқан тұлғалардың әрекеті – заңға қайшы. Осыған орай, білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогикалық ұжымдарды қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Оқу-ағарту министрлігі ұсынбаған, ақылы әрі күмәнді олимпиадалар мен байқауларға қатысуға жол бермеуге шақырамыз. Министрлік ұсынған олимпиадалар мен байқаулардың тізімі №514 бұйрықпен бекітілген. Тек осы тізімге енгізілген іс-шаралар ғана педагогтердің аттестациясы кезінде есепке алынады. Баршаңызды абай болуға шақырамыз. Осындай жағдайлар анықталғанда дереу өңірлік білім беру ұйымдарына немесе Білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз
деп жазды ведомствоның ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp