Оқушыларға балтамен шабуыл жасалған мектеп директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды
порталы облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.
Оқиға Құлсары қаласында болған еді.
Білім басқармасының мәліметінше, мектеп директоры өз еркімен қызметінен кетті.
5 ақпанда ол қатаң сөгіс алды, ал 6 ақпанда оның қызметінен кету туралы өтініші мақұлданды
Естеріңізге сала кетейік, 10-сынып оқушысы қатарластарымен болған жанжалдан кейін оларға балтамен шабуыл жасаған.
Салдарынан екі оқушы жеңіл дене жарақатын алған.