Мазмұнға өту
qandastar.

«Өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара»: Айгүл Елшібаева сыңсу орнына Құран оқитындарға шүйлікті

bahitzhanabzal · · 402 қаралым
«Өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара»: Айгүл Елшібаева сыңсу орнына Құран оқитындарға шүйлікті

Фото: видеодан кадр

Өнер иесінің айтуынша, дәстүрлі емес діни ағым өкілдері салт-дәстүрімізді жоққа шығарып жатқан көрінеді. 

Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева қыз ұзату кезінде сыңсу орнына Құран қосып қоятындарды сынады, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.. 

Өнер иесінің айтуынша, дәстүрлі емес діни ағым өкілдері салт-дәстүрімізді жоққа шығарып жатқан көрінеді.

Алжыған Уахаптар! Қыз баланы Құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ. Уахаптар салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, Құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлерінен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай. Қыз ұзату салт-дәстүрімізге жатады. Аялап өсірген қызын, жат ұяға беру – қимастығының белгісі. Арабтарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ
деп жазды дәстүрлі әнші.

Сонымен қатар өнер иесі діни салттарға ұлтымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі әдет-ғұрыптарымен шатастырмауды өтінді.

Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар. Уахап шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер. Ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырмаңдаршы. Ислам діні, Абу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар?! Осылардыкі дұрыс па, ағайын?
деп ашуланды өнер өкілі.
Бөлісу: Telegram WhatsApp