5-6 қазан күндері Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Сапар аясында мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі келіссөздері өтеді. Кездесу барысында тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды нығайту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан мен Оман басшылары қазақ-оман бизнес форумына қатысады.