Грузияда 18 жастағы Қазақстан азаматы ірі көлемде есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды
порталы.
Жас жігітке 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Имерети аймағында қолға түскен. Онымен бірге 2008 жылы туған Украина азаматы да ұсталған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, олар ірі және аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сатып алып, сақтап, оны сатуға көмектескен.
Тінту барысында күдіктілерден көп мөлшерде метадон және есірткіні орауға арналған қаптама материалдары табылған.
Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жалғасып жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, күдіктілерді 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.