Мазмұнға өту
qandastar.

Өмірден өткен қазақстандық әйел донор болып, бес адамды аман алып қалды

bahitzhanabzal · · 1 400 қаралым
Өмірден өткен қазақстандық әйел донор болып, бес адамды аман алып қалды

Фото: depositphotos.com

Өмірден өткен қазақстандық әйел донор болып, бес адамға көмектесті, - деп хабарлайды

тілшісі.

Ағза ауыстыруға кезекте тұрған үш пациентке операцияны 17 шілде күні University Medical Center

мамандары жасаған.

Донор - 44 жастағы әйел, ол геморрагиялық инсультпен ауырған. Дәрігерлер кеңесі ми өлімін тіркеген. Алайда оның туыстары донор болуға рұқсат беріп, бес адамның өмірін аман алып қалды", дейді қор өкілдері.
Дәйексөз

Донор болған әйел адамның ағзалары 43 жастағы әйелге (жүрек транплантациясы), 15 жастағы қызға (бүйрек трансплантациясы) берілген. Науқастардың жағдайы жақсы, олар мамандардың бақылауында, оңалтудан өтіп жатыр. Екінші донорлық бүйрек пен бауыр астананың Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында пациенттерге трансплантацияланды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp