Қазақстан Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды бөтен адамдарға беру жағдайлары көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды
порталы
-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның айтуынша, алаяқтар әсіресе жасөспірімдерді пайдаланып, sim-карталар мен аккаунттарды өз схемаларына тартуда.
ІІМ мәліметінше, кәмелетке толмағандар ақша табу мақсатында үшінші тұлғалардың өтінішімен жаңа sim-карталарды іске қосып, оларды мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге тіркейді. Кейін бұл аккаунттар басқа адамдарға беріледі. Ал қаскөйлер оларды азаматтарға алаяқтық қоңыраулар жасау үшін қолданады.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды бөгде адамдарға беру алаяқтық пен өзге де заңсыз әрекеттерді жасау құралына айналуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде қаралады», – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов.
Полиция азаматтарды күмәнді sim-карталарды сатып алмауға және таратпауға шақырды. Сонымен қатар ІІМ өз аккаунттарын бөгде адамдарға пайдалануға бермеуді және балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіру маңызды екенін ескертті.
Ведомство мессенджерлерге тіркелген абоненттік нөмірлерді үшінші тұлғаларға бермеуге және күмәнді әрекеттер байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес берді.
[embed]https://youtu.be/aPFfMttAlDk?si=f06jqrkROdmrJKDS[/embed]