Мазмұнға өту
qandastar.

Өндіріс пен энергетикаға құйылған инвестиция көлемі өсті

Малика Хамит 14 қаралым
Өндіріс пен энергетикаға құйылған инвестиция көлемі өсті

2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7%-ға өсті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ал өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 40,1%-ға жетті. Инвестицияның едәуір бөлігі химия өндірісіне бағытталған.

Электрмен жабдықтау саласына салынған қаражат 36,9%-ға, ақпарат және байланыс саласында 29,2%-ға артты. Құрылыс саласындағы инвестиция өсімі де айтарлықтай болып, 32%-ды құрады.

Кәсіпорындар өндірістік жабдықтарды көбірек сатып ала бастаған. Машиналар мен жабдықтарға жұмсалған шығын 22,9%-ға өсті. Әсіресе орта кәсіпорындар белсенділік танытып, жабдық сатып алуды 53,6%-ға арттырған.

Сарапшылардың пікірінше, бұл өзгерістер өндірісті жаңғыртуға және Қазақстан экономикасының өндірістік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp