Мазмұнға өту
qandastar.

Оңтүстіккореялық сәулетші Алматының басты ерекшелігіне таңғалды

Бақытжан Мұса
Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі

Оңтүстіккореялық сәулетші Джей Дык Ю Алматының табиғи көрінісі мен сәулеттік келбетіне жоғары баға берді. Ол қаланың тарихи бөлігіндегі аласа қабатты құрылысты сақтап, жаңа нысандарды орталықтан тыс аумақтарда дамытуға кеңес берді. Qandastar.kz сайты хабарлады.

SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы аясында оңтүстіккореялық сәулетші, ILLO Architects компаниясының негізін қалаушы Джей Дык Ю Алматы қаласының сәулеттік келбеті мен даму перспективалары туралы пікір білдірді.

Сәулетші Алматыға алғаш рет келгенін және қаланың табиғаты ерекше әсер қалдырғанын атап өтті. Оның айтуынша, мегаполистің басты ерекшеліктерінің бірі – қаланың кез келген дерлік нүктесінен тауларды көруге болатындығы.

Джей Дык Ю Алматының бас жоспарына қатысты да өз ұсыныстарын айтты. Оның пікірінше, қаланың тарихи бөлігіндегі аласа қабатты ғимараттарды сақтап, жаңа құрылыс жобаларын орталықтан тыс аумақтарда дамыту қажет.

Сәулетшінің пайымдауынша, мұндай тәсіл қаланың өзіндік сәулеттік келбетін сақтауға және тұрғындар мен қонақтарға тау көрінісін тамашалауға мүмкіндік береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp