Келесі жылы республикалық бюджеттен өңірлерге 7,4 трлн теңге бағытталады, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, бұл қаражат республикалық қазынаның шамамен төрттен біріне тең.
Негізгі мақсат – тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсарту.
Ақша ең алдымен:
- үйлерге су мен жылу жеткізуге;
- жолдарды жөндеуге;
- мектептер мен ауруханаларға;
- елді мекендерді газдандыруға;
- коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.
Өңірлерге жіберетін барлық қаражат – ең алдымен халыққа арналады. Біздің міндетіміз – халықтың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау
Сонымен қатар өңірлер салықтың 12 түрінен түсетін қаржыны өздері жұмсай алады. Соңғы жылдары осы салықтардан жергілікті бюджеттерге 7,3 трлн теңге түскен.
Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірлердің өз кірісі 9,3 трлн теңгеге жетті. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16,3%-ға көп.