Мазмұнға өту
qandastar.

Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбырдан 14 адам көз жұмды

bahitzhanabzal
Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбырдан 14 адам көз жұмды

Оңтүстік Кореяда бес күн бойы толассыз жауған жаңбырдан 14 адам қаза тауып, 12 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігіне сілтеме жасаған kazinform.kz.

Бұл туралы жексенбі күні елдің Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі хабарлады. Ондағы мәлімет бойынша, жергілікті уақытпен сағат 11:00-де 14 адамның қаза тапқаны расталды. Сондай-ақ 12 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

Сәрсенбі күні басталған жаңбыр бүкіл ел бойынша 13 209 адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті. Жексенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша 3 836 адам уақытша баспаналарда қалды.

Суға толған жолдар, көшкін, өзен құрылыстарының құлауы, су басқан құрылыстар мен ауылшаруашылық жерлерін қоса алғанда, жалпы 1 920 мемлекеттік мүлікке, 2 234 жеке меншікке зиян келтіру фактісі тіркелді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp