Мазмұнға өту
qandastar.

"Оның жасы небәрі 16-да болған" - Көкшетау әкімінің кеңесшісі желіде қызу талқылануда

bahitzhanabzal · · 1 542 қаралым
"Оның жасы небәрі 16-да болған" - Көкшетау әкімінің кеңесшісі желіде қызу талқылануда

Жариялаған өмірбаянына сәйкес, Айым Тұрапекова 1999 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. 2019 жылы Халықаралық бизнес университетін "экономика және құқық" мамандығы бойынша аяқтаған.

Желі қолданушыларын ең қатты таңғалдырған тұс – Айымның еңбек жолын 2015 жылы премьер-министр кеңсесінде тағылымдамадан өтуші ретінде бастауы. Ол кезде оның жасы небәрі 16-да болған.

Алайда кейінірек өмірбаян түзетіліп, премьер-министр кеңсесіндегі тағылымдасының басталу жылы ретінде 2015 емес, 2019 жыл көрсетілген.

Ал премьер-министрдің баспасөз қызметі Айым Тұрапекованың премьер-министр кеңсесінде ешқашан тағылымдамадан өтпегенін және жұмыс істемегенін хабарлады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp