"Қазгидромет" РМК-ның болжамына сәйкес, 2026 жылғы 4 шілдеде Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз Орал мен Ақтөбе қалаларында, ал түнгі уақытта Атырауда атмосфералық ауаның ластануына қолайлы жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – желдің әлсіз соғуы, тұманның түсуі, ауа инверсиясы мен тымық ауа райы сияқты факторлардың әсерінен зиянды заттардың жерге жақын ауа қабатында шоғырлануына әкелетін құбылыс.
Осының салдарынан аталған елді мекендерде ауа сапасы уақытша төмендеп, атмосферадағы ластаушы заттардың мөлшері артуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін 3 шілдеде Үкімет басшысы Олжас Бектенов еліміздегі қазіргі гидрологиялық жағдайға арналған жиын өткізген болатын.