Мазмұнға өту
qandastar.

Оралда өртенген гараждан ер адамның мүрдесі табылды

bahitzhanabzal · · 163 қаралым
Оралда өртенген гараждан ер адамның мүрдесі табылды

Орал қаласында өртке оранған гараждан жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды, деп жазады qandastar.kz сайты.

БҚО ТЖД департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 2 мамыр күні М.Шолохов көшесі 15-мекенжайында сағат 07.48-де болды. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталды.

Өртенген орыннан 15 баллон (біреуі газ, біреуі оттегі, қалғаны фреон) шығарылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, өрт сөндірілгеннен кейін жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp