Мазмұнға өту
qandastar.

Оралда полицей әйел адамды көлікпен қағып өлтірді

bahitzhanabzal · · 355 қаралым
Оралда полицей әйел адамды көлікпен қағып өлтірді

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Қайғылы оқиға 19 қыркүйекте таңғы 6:15 шамасында Пугачев көшесінде болған, деп хабарлайды

сайтына сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21703 көлігінің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен әйелді қағып кеткен.

Жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кету керек, көлік тізгінінде полиция қызметкері болған. Оқиғадан кейін полицей ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp