Орал қаласының Зачаганск кентіндегі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында қоқыс өртенді, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді. Өрт 500 шаршы метр аумақта оқшауланды.
Өртті сөндіруге ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта қоқыстың жанып жатқан учаскелеріне су құйылып, су төгілген және өрт сөндірілген аумақтар топырақпен жабылып жатыр.
Өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында.