Орал қаласында құрылыс жұмыстары кезінде топырақ астында қалған ер адамды ТЖМ құтқарушылары аман алып шықты, деп хабарлайды
порталы.
Оқиға Абай даңғылы бойында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, іргетасты оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатқан сәтте 1966 жылы туған ер адамды топырақ басып қалып, ол өздігінен шыға алмай қалған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматты шұңқырдан шығарып, алғашқы көмек көрсеткеннен кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Ер адам медициналық тексеруден өткізу үшін ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті (@112batys)