Орталық Азия елдері басшылары VII Консультативтік кездесудің қорытындысы бойынша ортақ мәлімдеме жариялады, деп жазды
Ақорданың хабарлауынша, мәлімдемеде 2027–2028 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қырғыз Республикасын ұсыну жөнінде БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арнайы үндеу жолданған. Сондай-ақ Әзербайжан Республикасын Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінің толық құқылы қатысушысы ретінде тану туралы шешім қабылданды.
Бірлескен мәлімдеме аясында келесі құжаттар бекітілді:
- Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;
- 2026–2028 жылдарға арналған өңірдегі қауіпсіздік қатерлері және олардың алдын алу жөніндегі тізбе.