Мазмұнға өту
qandastar.

Өртті өзі анықтап, өзі сөндіреді: «Қазақмыс» жаңа жүйені іске қоспақ

Малика Хамит · · 289 қаралым
Өртті өзі анықтап, өзі сөндіреді: «Қазақмыс» жаңа жүйені іске қоспақ

«Қазақмыс» компаниясы өндірістегі қауіпсіздікті арттыру бағытында техникаға арналған автоматты өрт сөндіру жүйесін сынақтан өткізді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жаңа технология өздігінен жүретін тау-кен шахталық жабдықтарға орнатылып, жер астында да, ашық аумақта да тексерілген.

Компания мәліметінше, жобаның басты мақсаты – өрт қаупін азайтып, ықтимал төтенше жағдайлардың салдарын төмендету. Жүйе өрт белгілерін анықтаған сәтте автоматты түрде арнайы қоспа шашып, жалынды қысқа уақытта оқшаулап сөндіреді.

Сонымен қатар құрылғы әртүрлі температура жағдайында жұмыс істеуге бейімделген және қосалқы қуат көзімен жабдықталған. Бұл оны ұзақ уақыт сенімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, мұндай шешім әсіресе шахта ішіндегі техника үшін аса маңызды. Себебі жерасты кеңістігінде өрт өте жылдам таралуы мүмкін. Автоматты режим адам араласуын қажет етпей, қауіпке жедел әрекет етуге жол ашады.

Сынақ нәтижесінде жүйенің өртті ерте анықтап, тез сөндірудегі тиімділігі дәлелденді. Енді компания бұл технологияны өндірістегі басқа да өздігінен жүретін техникаларға кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp