Өскемен қаласында жеңіл автокөліктің қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты. Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті дер кезінде сөндірді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Өрт туралы хабарлама Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары жедел жіберілді.
Алғашқы өрт сөндіру есептоптары келген кезде автокөліктің қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылар өрт сөндіру оқпандарын беріп, жалынды ауыздықтады.
Өрт 2 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.