Өскеменде дүкен маңынан әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды
порталы.
Шығыс Қазақстан облысында әйел адамның мәйіті табылуына байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Оқиға 4 маусым күні Өскемен қаласында болған. Полицияға жедел жәрдем қызметінен қаладағы дүкендердің бірінің маңынан белгісіз әйел адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Хабарлама бойынша оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы жіберілді. Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.
Полиция мәліметінше, алғашқы тексеру барысында мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Мәйітте зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Қазір аталған дерек бойынша тиісті процессуалдық шаралар жүргізілуде.