Мазмұнға өту
qandastar.

Өскеменде құтқарушы көпірден секірмек болған қызды құтқарды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 160 қаралым
Өскеменде құтқарушы көпірден секірмек болған қызды құтқарды (ВИДЕО)

Өскеменде ТЖМ қызметкері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Күні кеше таңертеңгі уақытта Өскемен қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері Темірлан Құмарқанов жұмысқа бара жатқан жолда көпір үстінде тұрған қызды байқап қалған.

Оның күмәнді әрекетін аңғарған құтқарушы бірден тоқтап, жағдайды анықтауға ұмтылған.

Белгілі болғандай, бойжеткен суға секіруге әрекеттенген. Темірлан Құмарқанов уақыт жоғалтпай қызға жақындап, оны қолынан ұстап қалып, қайғылы жағдайдың алдын алған.

Оқиға орнына жедел қызмет мамандары жеткенше, құтқарушы қыздың жанынан табылып, оның қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.

ТЖМ қызметкерінің батыл әрі жедел әрекетінің арқасында қыз аман қалды.

Мамандар мұндай жағдайда бейжай қалмай, шұғыл түрде көмекке жүгінудің маңызды екенін еске салды.

 

[video width="848" height="480" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/WhatsApp-Video-2026-05-27-at-13.46.46.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp