Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оқиға Әміре Қашаубаев көшесінде орналасқан орта мектепте болған.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде мектептің қабылдау бөлмесіндегі жиһаз жанып жатқан. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 шаршы метр аумақта жедел сөндірді.
Оқиға кезінде мұғалімдер мен оқушылар мектеп ғимаратынан өздігінен эвакуацияланған.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
[video width="1280" height="720" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/05/video_2026-05-18_15-07-03.mp4"][/video]