Өскемен қаласында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан 1996 жылы туған адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Өрт Рылеев көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үйдің ашық жалынға оранғанын көрген.
Төтенше жағдайлар қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында өрт 70 шаршы метр аумақта сөндірілді. Алайда үй ішінен бір адамның мәйіті табылды.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды.
Өскеменде өрт шыққан үйден 30 жастағы адамның мәйіті табылды