Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Желіде тараған видеода өрт сөндірушінің қызметтік міндетін атқару кезінде биік ғимараттан құлап кеткен сәті бейнеленген. Қауіпті оқиға Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 2025 жылдың 5 мамырында орын алды, деп хабарлайды qandastar.kz
Красин көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатында өрт шыққан. Өрт кезінде үйде ешкім болмаған. Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері құтқару жұмыстары барысында автобаспалдақпен көтеріліп бара жатып, абайсызда биіктен құлаған.
Желі қолданушылары өртсөндіру қызметкерлерінде арнайы техниканың жоқтығына назар аударған.
"Техника қайда, министр мырза?", деп сұрақты пікір қалдырған оқырман тарапы.
- Міне жұмыстарына адалдық деп осынау айтуға болады, сен тұр мен шығайын деген жігіттер, көз алдында әріптестері құлап жатсада, бой бермей екіншісі өз өмірін бәйгеге тігуге дайын азаматтар. Еңбектері бағалау керек.