Өскемен қаласында шұңқырға түсіп кетіп, өздігінен шыға алмай қалған құлынға Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары көмек көрсетті. Жануар аман-есен шығарылды. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жағдайды бағалап, дереу құтқару жұмыстарына кірісті. Мамандардың үйлесімді әрекетінің арқасында құлынды шұңқырдан сәтті шығарып алды.
ТЖМ өкілдері құтқарушылардың көмегі қиын жағдайға тап болған жануарларға да қажет екенін атап өтті.