Мазмұнға өту
qandastar.

Өскеменде туристердің 12 жастағы баласы жоғалып кеткен

Малика Хамит · · 69 қаралым
Өскеменде туристердің 12 жастағы баласы жоғалып кеткен

Өскеменде жоғалған шетелдік бала 40 минутта табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Өскеменде сауда үйлерінің бірінде ата-анасынан адасып қалған 12 жастағы Қытай азаматы полицейлердің көмегімен табылды.

Оқиға қалаға турист ретінде келген отбасы сауда үйіне барған кезде болған. Бала ата-анасынан көз жазып қалып, оларды өздігінен таба алмаған.

Жоғалған бала туралы ақпарат полицияға түскен соң, оқиға орнына қызметкер Бекжан Акрашов барған. Ол бірден іздестіру жұмыстарын ұйымдастырған.

Нәтижесінде 12 жастағы Zhang Tang Bo 40 минуттың ішінде табылды. Полиция қызметкері баланы ата-анасына аман-есен тапсырды.

Баланың анасы полицейге жедел әрі кәсіби көмегі үшін алғысын білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp