Мазмұнға өту
qandastar.

Өскеменде жүргізуші аулада тұрған алты көлікті соққан

bahitzhanabzal · · 116 қаралым
Өскеменде жүргізуші аулада тұрған алты көлікті соққан

Өскеменде тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында жүргізуші алты көлікті соғып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Әуелде ол бір машинаны жолға итеріп шығармақ болған. Кейін тоқтап, жаяу кетіп қалған. Куәгерлердің айтуынша ол мас болған болуы мүмкін. Сондай-ақ автокөлік оның тәтесіне тиесілі екені белгілі болды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp