Өскеменде жарылыс салдарынан ауруханаға түскен жұмысшылардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы «Қазцинк» компаниясы хабарлады.
Компания марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Казцинк» компаниясы 5 мамырда Өскемен металлургиялық кешенінде болған апатта жарақат алған қызметкерлердің бірі ауыр жарақаттардан ауруханада қайтыс болғанын хабарлайды. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Компания марқұмның отбасына және барлық қызметкерлерімізге қажетті қолдау көрсетуде. Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары және мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары жалғасуда. Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын балқыту зауыттарында өндірістік қуаттылықты уақытша төмендетумен жұмыс істейді
Естеріңізге сала кетейік, 5 мамырда Өскемендегі кәсіпорында болған жарылыстан екі адам қаза тапқан еді.
Бесеуі зардап шегіп, оның ішінде екеуі ауруханаға жатқызылған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazzinc (@kazzinc_official)