Мазмұнға өту
qandastar.

Өскемендегі жарылыстың нақты себебі әлі белгісіз: жұмысқа ғалымдар тартылды

Малика Хамит · · 224 қаралым
Өскемендегі жарылыстың нақты себебі әлі белгісіз: жұмысқа ғалымдар тартылды

Өскемендегі «Қазцинк» зауытында болған жойқын жарылыстың нақты себебі маусым айында жариялануы мүмкін, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ербол Тұяқбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, апатқа қатысты тергеу әлі аяқталған жоқ. Мамандар оқиғаның қалай болғанын анықтау үшін ғалымдарды да жұмысқа тартқан.

Біз кешенді тәсіл қолдандық: жарылыстың қалай болғанын түсіну үшін университеттерден ғалымдарды шақырып жатырмыз. Және біз нәтижелерді БАҚ-қа міндетті түрде жариялаймыз. Маусым айы деп ойлаймын
деді Тұяқбаев Мәжіліс кулуарында.

Еске салсақ, 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, оқиға орнынан қою ақ түтін көтерілген еді.

Қайғылы жағдай салдарынан үш адам қаза тауып, бірнеше жұмысшы ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілді.

Апаттан кейін қала тұрғындары денсаулықтарының нашарлағанына шағымдана бастаған.

Әсіресе асқазанның ауырсынуы мен мұрын-жұтқыншақтағы күйік белгілері туралы айтылды.

Сонымен қатар, зауыт маңындағы үйлерде ауа құрамындағы зиянды заттардың деңгейі шамадан тыс жоғары болғаны тіркелген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp