Дональд Трамп Владимир Путинге көңілі толмайтынын айтты. Бұл туралы АҚШ президенті BBC арнасынан берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады Qandastar.kz.
Тілшінің “Сіз Путинмен енді қарым-қатынасты үздіңіз бе?” деген сұрағына:
Менің оған көңілім толмайды, бірақ онымен қарым-қатынасты үзген жоқпын. Бірақ, иә, көңілім толмайды
Сондай-ақ, АҚШ президентіне “Ресей басшысына сенесіз бе?” деген сұрақ қойылды.
Трамп: “Мен ешкімге дерлік сенбеймін”,- деп жауап берді.
АҚШ президенті Украинадағы жағдай реттелмесе, 50 күннен кейін Мәскеуге қарсы “қатаң шаралар” қабылданатынын мәлімдеді.
Біз Ресейге өте, өте наразымыз. Мен наразымын. Егер 50 күн ішінде келісімге қол жеткізілмесе, біз өте қатаң баж салығын енгіземіз
Трамптың айтуынша, әңгіме шамамен 100 пайызға дейін жететін қосымша баж салығы туралы болып отыр.