Мазмұнға өту
qandastar.

Өтініштен нақты іске дейін: «Қазақмыс» кеніштерге апаратын жолдарды жөндеп жатыр

tursynhan · · 4 қаралым
Өтініштен нақты іске дейін: «Қазақмыс» кеніштерге апаратын жолдарды жөндеп жатыр

Жезқазған өңірінде «Қазақмыстың» кеніштері мен өндірістік нысандарына қатынайтын кірме жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Бұл мәселе компания басшылығының еңбек ұжымдарымен кездесулері кезінде жұмыскерлер тарапынан бірнеше рет көтерілген. Нәтижесінде жолдарды жөндеу тиісті шаралар жоспарына енгізіліп, іске асырыла бастады, деп хабарлайды QANDASTAR ақпараттық агенттігі.

Қазір «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-мен жасалған келісімшарт аясында мердігер ұйым Батыс Жезқазған кенішінің №73-75 және №67 шахталарына, сондай-ақ Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасына апаратын автомобиль жолдарының асфальт-бетон жабындысына ағымдағы жөндеу жүргізіп жатыр.

2026 жылғы құрылыс маусымында №55 шахта басқармасына, «Анненск» шахтасына және Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасына апаратын жолдарды жөндеу жоспарланған. Сонымен бірге Мамандандырылған жөндеу-механикалық басқармасына кіреберіс жолды ретке келтіру және №1, №2 Жезқазған байыту фабрикалары қызметкерлерінің көліктеріне арналған автотұрақ салу көзделіп отыр.

Жолдардың жөнделуі жұмыскерлердің өндірістік нысандарға қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз етіп, өңірдегі кәсіпорындардың көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Еңбек ұжымдары көтерген мәселелер бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Кездесулер барысында қабылданған шешімдер компания басшылығының бақылауында болып, тиісті құрылымдық бөлімшелер арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp